Қазақстандық әскери қызметкер халықаралық жарыста жүлдегер атанды

Azattyq Rýhy

Жандос Өтеғұлов Орал қаласында орналасқан 5517 әскери бөлімінде қызмет етеді

Қазақстандық әскери қызметкер халықаралық жарыста жүлдегер атанды
Фото: polisia.kz

Ұландық жауынгер халықаралық турнирде жүлдегер атанды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

21-23 наурыз аралығында Ресей мемлекетінің Мәскеу қаласында ересектер арасында самбо спортынан халықаралық турнир өткізілді. Сайысқа Беларусь, Әзірбайжан, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия және тағы басқа мемлекеттерден келген 250-ге жуық спортшы қатысты.

Олардың арасында Азия, Еуропа, әлем чемпионатарының жеңімпаздары да бар.

Сондай-ақ жарыста Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Орал қаласында орналасқан 5517 әскери бөлімінің қызметкері Жандос Өтеғұлов та өз бағын сынаған болатын.

Ерлер арасындағы 58 келі салмақта күш сынасқан ұландық өз қарсыластарына тек жартылай финалда есе жіберді. Ал сайыс қорытындысы бойынша ұландық жауынгер жүлделі үшінші орынды иеленді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.