25.03.2024, 20:23
Жаңалықтар
Данил Мұсабаев батутты гимнастикадан Париж олимпиадасына жолдама алды
Парижде 16 ер адам мен 16 әйел адам сынға түседі
Фото: Olympic.kz
Батутты гимнастикадан Қазақстан командасының мүшесі Данил Мұсабаев Париж Олимпиадасына жолдама жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Мұсабаевтың 2023 жылы Португалияда (9-орын) және АҚШ-та (20-орын) өткен әлем кубогі кезеңдеріндегі нәтижесі есепке алынды.
Олимпиадаға лицензия алу үшін жыл бойы өткен әлем кубогі кезеңдерінің ішіндегі екі үздік нәтиже таңдалады.
Германияның Котбус қаласында аяқталған әлем кубогінде Мұсабаев финалға өте алмай, 47-орында қалды.
Айта кетелік, батутты гимнастикадан Олимпиадаға іріктеу турнирі аяқталды. Парижде 16 ер адам мен 16 әйел адам сынға түседі.
Қазақстан жалпы есепте 14-орында тұр.
Көп оқылған
29.08.2026, 07:23
Жаңбыр, найзағай және аптап: 29 тамызда елде құбылмалы ауа райы күтіледі
29.08.2026, 08:31
Алматыдағы кафеден өрт шықты: құтқарушылар 15 адамды эвакуациялады
29.08.2026, 10:03
Астанадағы сауда орталықтарының бірінде пышақпен адамдарды қорқытқан жігіт ұсталды
29.08.2026, 15:20
30 тамыз күні ауа райы қандай болады
29.08.2026, 20:31
Үсік, нөсер және қатты жел: 30 тамызда ауа райы бұзылады