$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Үрімшіде қазақстандық және қытайлық көлік-логистикалық компаниялардың кездесуі өтті

Тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады

Үрімшіде қазақстандық және қытайлық көлік-логистикалық компаниялардың кездесуі өтті
Фото: Көлік министрлігі

2024 жылғы 23 наурызда Үрімші қаласында Көлік министрі М.Қарабаевтың Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары шеңберінде көлік-логистикалық ынтымақтастық бойынша дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Дөңгелек үстелге 60-қа жуық қазақстандық және қытайлық компания қатысты.

ҚХР делегациясын Шыңжаң - Ұйғыр автономиялық ауданы халық үкіметі хатшысының орынбасары Льфан Жю бастап барды.

Іс-шара барысында компаниялар авиациялық, теміржол және автомобиль жүк тасымалдары, сондай-ақ жүк хабтарын құру және теміржол инфрақұрылымын дамыту саласында перспективалар ұсынды.

Іскер топтар кездесуінің қорытындысы бойынша екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдету және кеңейту жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Серіктес жаңалықтары