$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Мұз үстіндегі қауіпсіздік: Қарағанды облысында тәртіп бұзғандар жауапқа тартылды

Құтқарушылар түсіндіру жұмысын жүргізді

Мұз үстіндегі қауіпсіздік: Қарағанды облысында тәртіп бұзғандар жауапқа тартылды
Фото: ҚР ТЖМ

Қарағанды облысының су айдындарында патрульдеу жүргізілді. Нәтижесінде тәртіп сақшылары бірнеше адамды жауапқа тартты. Бұл туралы Azattyq Ruhy ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, осы жылдың 21 мен 23 наурызы аралығында Қарағанды ​​облысының су айдындарында 598 адамды қамтыған 58 патруль жүргізілді, сонымен қатар су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері жазылған парақшалар таратылды.

«Рейдтік іс-шаралар барысында ӘҚБтК-нің 412-бабы бойынша жалпы сомасы 64 610 теңгені құрайтын 5 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Департамент қызметкерлері облыстың су айдындарында балық аулау және қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді», - делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.

Айта кетейік, Екібастұзда балық аулауға шыққан екі адам көлігімен бірге мұз астына түсіп кетіп, мәйіті ертеңінде табылды.

Серіктес жаңалықтары