23.03.2024, 08:23
Жаңалықтар
Мәскеудегі теракт кезінде онда оқып жүрген қазақстандықтар жапа шеккен жоқ – Саясат Нұрбек
Барлық стипендиаттар байланысқа шықты
Фото: gov.kz
Мәскеудегі теракт кезінде онда оқып жүрген қазақстандық азаматтар жапа шеккен жоқ. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек телеграм-арнасында мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«22 наурызда Мәскеу облысындағы Crocus City Hall концерт залында теракт болды. Ресей Федерациясында «Болашақ» және «500 ғалым» бағдарламасы бойынша бүгінде 32 қазақстандық азамат білім алуда, 24 стипендиат Мәскеуде. Олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Барлық стипендиаттар байланысқа шықты», - деп жазды министр.
Бұған дейін хабарланғандай, белгісіз біреулер Мәскеу түбіндегі Красногорск қаласындағы Крокус сити холл ғимаратында адамдарға оқ жаудырған еді.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді