23.03.2024, 10:50
Жаңалықтар
Жетісу облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза болды
Екі көліктің біреуі қарсы жолаққа шығып кеткен
Фото: Жетісу облысы ПД
Ақсу ауданындағы Алматы-Өскемен тас жолының 336-шақырымында жол апаты болып, салдарынан төрт адам қаза тапты. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Алдын ала болжам бойынша Lada Priora жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, Toyota Windom көлігімен соқтығысқан.
Оқиға салдарынан Lada Priora жүргізушісі, оның екі жолаушысы, сондай-ақ Toyota Windom көлігінің бір жолаушысы қаза тапты. Зардап шеккен бес адам аудандық ауруханаға жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы, қаза тапқандар мен зардап шеккендердің жеке тұлғасы анықталып жатыр.
Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, қажетті сараптама тағайындалды.
Көп оқылған
21.07.2026, 15:34
Аргентина құрамасын әлем чемпионаттарынан мәңгіге шеттетуді 23 млн адам талап етті
21.07.2026, 15:46
«Әскерде командирім зорлады»: Threads-те аянышты жазба жариялап, ақша жинаған жас жігіт сотталып кетті (ВИДЕО)
21.07.2026, 17:43
«Қураған шөпті тұтатпақ болған»: Семейде алты жасар бала аулада тұрған көлікті өртеп жіберді
21.07.2026, 16:29
Атырауда қолжуғыштан жылан шықты: видео желіде қызу талқыланып жатыр
21.07.2026, 17:15
Астанада жүк көлігі жеті көлікті соғып, аударылып қалды (ВИДЕО)