07.03.2024, 21:07
Жаңалықтар
Пара алды деген күдікпен ұсталған Сәтбаев әкімінің ісі сотқа жетті
Бірінші сот отырысы 11 наурызға белгіленген
Фото: Сәтбаев қаласының әкімдігі
Ақпан айының ортасында пара алды деген күдікпен ұсталған Сәтбаев қаласының әкімі Шапағат Әубәкіровке қатысты іс қалалық сотқа берілді. Алғашқы сот отырысының күні белгіленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Шапағат Момынбайұлы Әубәкіровке қатысты қылмыстық іс Сәтбаев қалалық сотына 1 наурызда түскен.
Бірінші сот отырысы 11 наурызға белгіленген.
Сәтбаев қаласының әкімі Шапағат Әубәкірге ҚР ҚК-нің 366-абы 2 -бөлігі бойынша айып тағылып отыр.
Бұл күні сот отырысында сонымен қатар қала басшысына пара берген адамға да қатысты іс қарастырылады.
ҚР ҚК 36-бабы 2-бөлігі бойынша сот алдында Досбол Мейірбек жауап береді.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді