Швеция ресми түрде НАТО-ға мүше болды

Azattyq Rýhy

Швецияның НАТО-ға қосылуы туралы хаттама күшіне енді

Швеция ресми түрде НАТО-ға мүше болды
Фото: pixabay.com

Швецияның НАТО-ға қосылуы туралы хаттама күшіне енді. Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік департаменті өз сайтында жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«2024 жылғы 7 наурызда Швеция Корольдігінің Солтүстік Атлантикалық шартқа қосылуы туралы хаттаманың II бабында көрсетілген күшіне ену шарттары орындалды», - делінген сайтта.

Швецияның НАТО-ға қосылуы Батыс қорғаныс альянсының Ресей үшін мұнай саудасының маңызды бағыты болып табылатын бүкіл Балтық теңізін қоршауға алғанын білдіреді.

Швеция Финляндиямен бірге 2022 жылдың көктемінде НАТО-ға қосылуға өтініш берді. 

2024 жылы 23 қаңтарда Түркия Парламенті ұзақ мерзім бойы кейінге шегеріп келген шешімді басым дауыспен (55-ке қарсы 287 дауыс) қабылдап, Швецияның НАТО-ға кіруін мақұлдады. Ал 26 ақпанда Венгрия Парламенті Швецияның НАТО-ға ену туралы өтінішін ратификациялады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.