03.03.2024, 12:49
Жаңалықтар
Алматыда бір ай бойы іздеуде болған бойжеткеннің денесі табылды
Өлім себептері туралы ақпарат жоқ
Фото: instagram.com/volontery_almaty_lider.kz/
Алматыда жоғалып кеткен бойжеткеннің денесі табылды. Бұл туралы LIDER отрядының еріктілері мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Еріктілердің хабарлауынша, бір ай уақыт іздеу жұмыстарынан соң қыздың денесі табылған.
Айта кетейік, бойжеткен осы жылдың қаңтар айында жоғалып кеткен. 2005 жылы туған қыз бала үйінен белгісіз бағытта шығып кеткеннен, оралмаған. Еріктілерге хабарлама 12 ақпанда келіп түсті.
Бір ай іздеу жұмыстарынан соң ақпан айында қыздың денесі табылды. Өлім себептері туралы ақпарат жоқ.
Сонымен бірге, ақпан айының соңында Алматының жоғалып кеткен тағы бір тұрғынының денесі табылған еді. Онымен байланыс 2024 жылдың 16 қаңтарында үзілген. Азамат үйінен шығып кетіп, оралмаған.
Көп оқылған
20.08.2026, 10:49
19 жыл бойы жатқан: Алматы тауларындағы мұздықтан табылған альпинистің кім екені анықталды
20.08.2026, 16:18
«4,5 млн теңгені қарызға беріп, кейін сотпен қорқытты»: Ұлдана Мырзуанның анасы күйеу баласы туралы сұмдық жайды әшкере етті
20.08.2026, 12:07
«Әзіл деп ойладым, анам хабарласқан соң ғана сендім»: Ұлдана Мырзуанның экс-күйеуі сотта сөз сөйледі
20.08.2026, 12:22
«4 млн теңгесін ата-анасына қайтардық»: Әділет Зейнел әкімдіктен 20 млн теңге алғанын айтты