«Құбырдан ақау табылды»: Семейде бірнеше көшеде су уақытша тоқтатылды
Оқиға орнына 6 бірлік техника және 8 қызметкер жұмылдырылды
Бүгін сағат 13-00-ден бастап Семей қаласындағы бірнеше көше суық судан ажыратылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қалалық әкімдік су берудің уақытша тоқтатылуына Посмаков 47 үй мекенжайында Д-200 мм су құбырындағы ақау түрткі екенін нақтылайды.
Одан бөлек мына мекенжайларда су болмайды: Посмаков, Ибраев, Бөгенбай батыр, Дулатов, Найманбаев көшелерінде және Посмаков-67,96, Панфилова-80А, 80Б, 80В мекенжайларында.
«Тұрғындардан су қорын алдын ала жинауын сұраймыз. Жұмыстар 3 наурызда сағат 13:00-ден бастап толық жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін жүргізілетін болады», - делінген хабарламада.
Оқиға орнына 6 бірлік техника және 8 қызметкер жұмылдырылды. «Семей су арнасы» МКК келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.