Қазақстанда коронавирустан жазылғандар саны 130-дан асты

Тағы 28 адам коронавирустан емделіп шықты

Қазақстанда коронавирустан жазылғандар саны 130-дан асты
Фото: ашық дереккөзден

28 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Алматы қаласында - 1 адам, Ақмола облысында - 4 адам, Алматы облысында - 3 адам, Нұр-Сұлтан қаласында - 20 адам, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап. 

«Қазақстан бойынша жазылғандар саны 138 адамға жетті: Нұр-Сұлтан қаласы – 63, Алматы қаласы – 50, Шымкент қаласы – 2, Ақтөбе облысы – 1, Алматы облысы – 4, Атырау облысы – 5, Ақмола облысында – 4, Батыс Қазақстан облысы – 1, Жамбыл облысы – 3, Қарағанды облысы – 1, Қызылорда облысы – 1, Маңғыстау облысы – 1, Павлодар облысы – 1, Солтүстік Қазақстан облысы – 1», - деп жазылған хабарламада.

Айта кету керек, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 979 адамға жетіп, індеттен 12 адам көз жұмды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.