Бұрынғы Мәдениет және спорт вице-министрі қамауға алынды
Ол ауыр жемқорлық қылмыс жасады деп күдіктелуде
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде Қазақстан Республикасының бұрынғы Мәдениет және спорт Вице-министрі ауыр жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен ұсталғанын растайды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері ҚР Мәдениет және спорт экс-вице-министрі Ерлан Қожағапановты ұстау туралы ақпарат жарияланған болатын. Бұрынғы шенеунік бюджет қаражатын ұрлады деп күдіктелуде.
«Қазіргі уақытта күдікті Алматы қаласы ПД УҰИ-да қамауға алынды. Тергеу жалғасуда», - делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі жариялаған хабарламада