Тоқаев полиция басшыларын кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы жарлыққа қол қойды

Azattyq Rýhy

Мемлекет басшысы орталық және өңірлік аттестаттау комиссияларын құруды тапсырды

Тоқаев полиция басшыларын кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы жарлыққа қол қойды
Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев полиция басшыларын кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«1 сәуір мен 31 желтоқсан аралығында ішкі істер органдары қызметкерлерінің жекелеген санаттары кезектен тыс аттестаттаудан өтуі керек», - делінген28 ақпандағы жарлықта.

Мемлекет басшысы орталық және өңірлік аттестаттау комиссияларын құруды тапсырды.

«Ішкі істер органдарының басшы лауазымдарды атқаратын қызметкерлері, оның ішінде жеке қауіпсіздік қызметінің өкілдері кезектен тыс аттестаттаудан өтеді. Бұл аттестация батальондар мен роталардың, соның ішінде арнайы бөлімшелердің кейбір командирлері мен орынбасарларына да қатысты», – делінген жарлықта.

Ішкі істер министрі төрағалық ететін орталық аттестаттау комиссиясының құрамына Бас прокурордың орынбасарлары, сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің төрағалары кіреді.

Сондай-ақ комиссия құрамында Ішкі істер министрінің орынбасары, Ішкі істер министрлігі аппаратының бастығы, заң департаментінің бастығы, кадр саясаты басқармасы бастығының орынбасары бар.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.