$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Таразда Жамбыл Жабаевтың 178 жылдық мерейтойына орай республикалық айтыс өтті

Бас жүлде ақын Қанат Мырзаханға бұйырды

Таразда Жамбыл Жабаевтың 178 жылдық мерейтойына орай республикалық айтыс өтті

Тараз қаласында «Жамбыл – менің жәй атым, Халық – менің шын атым» республикалық ақындар айтысы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс әкімдігінің қолдауымен өткен жыр бәйгесінде 16 айтыскер ақын бақ сынасты. Нәтижесінде жерлесіміз орақ ауыз, от тілді ақын Қанат Мырзахан үздік деп танылып, бас жүлдені (1,5 млн теңге) иемденді. І орын (1 млн теңге) павлодарлық ақын Аспанбек Шұғатаевқа бұйырса, жүлделі ІІ орынға (750 мың теңге) жамбылдық Дархан Әбдіманат жайғасты. Ал ІІІ орынды Алтыкүл Қасымбекова мен Әсем Ережеқызы өзара бөлісті.

Сондай-ақ адалдықты жырлаған ақжайықтық ақын Мейірман Шәкенов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің арнайы жүлдесіне ие болды. Бұдан бөлек, жыр додасына қатысқан барлық ақындарға Алғыс хат пен 200 мың теңгенің сертификаты табыс етілді.

Серіктес жаңалықтары