Испания қысқа қашықтықты қамтитын ішкі рейстерге тыйым салмақ

Azattyq Rýhy

Бұл экология сапасын жақсарту мәселесімен байланысты қабылданған шешім

Испания қысқа қашықтықты қамтитын ішкі рейстерге тыйым салмақ
Фото: euronews.com

Испания баратын жеріне екі жарым сағаттан аз уақыт ішінде пойызбен жетуге болатын жағдайда ішкі ұшақтармен ұшуға тыйым салуды көздейді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Euronews-ке сілтеме жасап.

Испания көмірқышқыл газын азайту жоспарының бір бөлігі ретінде қысқа қашықтыққа бағытталған ішкі рейстердің бір бөлігіне тыйым салады.

Егер екі жарым сағаттан аз уақыт ішінде межелі жерге жетуге болатын теміржол оларды байланыстырса, испан қалалары арасында ұшуға тыйым салынады. Тек бұған «халықаралық маршруттармен байланысатын хаб әуежайлары» кірмейді.

Испания мұндай тыйымды 2021 жылдан бастап климатты қорғау жөніндегі іс-қимыл жоспары аясында 2050 жылға дейін енгізуді қарастырды.

2023 жылдың мамырында Франция осындай шектеуді енгізді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.