27.02.2024, 06:16
Жаңалықтар
Қызылордада халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды
Әзірге ол уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды
Коллаж: Azattyq Ruhy
Қызылорда облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру шаралары жүргізілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Жедел іздестіру шарасы барысында өткен жылдан бері тергеуден бой тасалап, халықаралық іздеуде жүрген Қызылорда қаласының 50 жастағы тұрғыны құрықталды. Ол адам ұрлау бойынша қылмыс жасаған деп айыпталуда. Полицейлер күдіктіні Қызылорда қаласында жасырынып жүрген жерінен анықтады», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
Ведомствоның мәліметінше, ол уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Тергеу амалдары жалғасуда.
Көп оқылған
26.09.2026, 06:33
Тоқаев Маңғыстаудағы әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айтты
26.09.2026, 07:41
26 қыркүйекте бірнеше өңірде үсік түсіп, жаңбыр жауады
26.09.2026, 17:01
27 қыркүйек күні ауа райы қандай болады
26.09.2026, 08:27
Азия ойындары: Қазақстан құрамасы алтыншы күннің қорытындысы бойынша бес қола иеленді
26.09.2026, 11:04
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасарлары тағайындалды