20.02.2024, 14:42
Жаңалықтар
Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп, ер адам қаза тапты
Қайғылы оқиға Денисовский ауданы Антоновка ауылында болған
Фото: Қостанай облыстық ТЖД
Қостанай облысында тұрғын үйде өрт болып, ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық ТЖД хабарлауына, қайғылы оқиға Денисовский ауданы Антоновка ауылында сағат 07:30 шамасында болған.
«Өрт 30 шаршы метр аумақты шарпыған. Өртті сөндіру барысында құтқарушылар жанып жатқан үйден көлемі 27 литр болатын екі газ баллонын эвакуациялады.
Өртке қарсы қызмет қызметкерлері жанып жатқан үй-жайда 1978 жылы туған ер адамның мәйіті табылды», - делінген хабарламада.
Сағат 8: 56-да өрт Денисов ауданының № 8 өрт сөндіру бөлімінің күшімен жойылды.
Өрттің себебі анықталып жатыр.
Көп оқылған
13.10.2026, 10:37
Зорлап, видеоға түсірген: Түркістанда ер адам қарындасын 12 адаммен қатынасқа түсуге мәжбүрлеген (ВИДЕО)
13.10.2026, 16:34
«Көтере алмайтын қайғы»: Каспийдегі трагедиядан аман қалған сарбаздың анасы қаралы күн жайлы айтты (ВИДЕО)
13.10.2026, 10:49
Ақтөбеде ер адам аулада отырған әйелдің арқасына пышақ сұғып, өлтіріп кетті (ВИДЕО)
13.10.2026, 14:50
Түркістан облысында ауыл тұрғындары 14 сарбаздың рухына арнап ас беріп, Құран оқыды (ВИДЕО)
13.10.2026, 11:29
Олжас Абай мен Дариға Бадықова үйлену тойын дүркіретіп өткізді (ВИДЕО)