20.02.2024, 14:58
Жаңалықтар
Еліміздің 5 облысында республикалық маңызы бар жолдар жабылды
Кей өңірде ауа райы 40 градусқа дейін суытты
Коллаж: Azattyq Ruhy
Еліміздің 5 облысында республикалық маңызы бар 7 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«ҚазАвтоЖол» 20 ақпан сағат 14:15-тегі жағдай бойынша жол ауа райының қолайсыздығына байланысты жабылды.
Абай облысы:
- Жалпы ұзындығы 1084 км 3 автожол (ауа райының -40 градусқа дейін суытуы).
- Таскескен-Бақты - Таскескен ауылы-Бақты ауылы;
- Қарағанды-Аягөз-Тарбағатай-Бұғаз;
- Қарағанды обл.шекарасы-Боғас;
- Семей-Қайнар- Семей қаласы-Қайнар ауылы.
Жамбыл облысы:
Жалпы ұзындығы 79 км 1 автожол (ауа-райының төмендеуі).
- Алматы - Ташкент-Термез - Кенена ауылы-Қайнар ауылы (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады) (көліктің барлық түрі үшін).
Қарағанды облысы:
Жалпы ұзындығы 103 км 1 автожол (Абай облысындағы ауа райының нашарлауына байланысты).
- Қарағанды-Аягөз-Бұғаз Қарқаралы обл. шек. - Абай обл. шек. (қоғамдық көліктер мен дизельдік көліктер үшін).
Қостанай облысы:
Жалпы ұзындығы 83 км 1 автожол (Ұлытау облысында ауа райының нашарлауына байланысты).
- Жезқазған-Петропавл – Ұлытау облысы-Арқалық қ. Барлық көлік түрлері).
Ұлытау облысы:
Жалпы ұзындығы 115 км 1 автожол (боран. жел, ауа-райының төмендеуі)
- «Жезқазған-Петропавл» - Қостанай облысы-Ұлытау ауылы. (барлық көлік түрі) Жезді-б.-Ұлытау ауылы. (қоғамдық көлік және дизельдік көліктер үшін).
Республикалық маңызы бар автожолдарда 710 бірлік техника және 1432 адам жұмылдырылды.
Көп оқылған
27.06.2026, 09:19
Оңтүстік Кореяның бұрынғы бірінші ханымы пара алғаны үшін жеті жылға бас бостандығынан айырылды
27.06.2026, 11:20
Қорғас тас жолындағы қайғылы апаттан бір отбасы қаза тапты
27.06.2026, 13:14
Жетісу облысындағы жол апатынан бес адам қаза тапты
27.06.2026, 08:32
Телефон мен биометрияны пайдаланатын жаңа алаяқтық: Ұлттық банк халыққа үндеу жасады
27.06.2026, 10:00
Еліміздің жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды