$ 526.81  542.72  5.16
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Өңір әкімдері су тасқыны мәселелерін жеке бақылауда ұстауы тиіс – Бектенов

217 елді-мекенде тасқын қаупі сақталып отыр 

Өңір әкімдері су тасқыны мәселелерін жеке бақылауда ұстауы тиіс – Бектенов
Фото: primeminister.kz

Үкімет басшысы көктемгі су басу қаупін біле тұра, ешқандай шара қабылдамайтын өңір әкімдерін сынады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Елді-мекендердің көшелерін су басып қалу және бірқатар өңірлерде жолдарды шайып кету фактілері қазірдің өзінде тіркеліп отыр.

«Жалпы, 217 елді-мекенде тасқын қаупі сақталуда. Мұндай проблема елді-мекендердің көпшілігінде жылдан-жылға қайталанып келеді.

Мысалы, Қостанай облысындағы Қарамырза ауылы соңғы 4 жыл бойы қар суының құрсауынан шыға алмай отыр. Биыл да елді-мекенге қауіп төнуде. Жолдардың су басып қалуына байланысты Ақмола облысында Ягодное, Қостанай облысында Екідің, Ақтөбе облысындағы Оймауыт, Жарық, Өтек және Құмтоғай ауылдарымен жыл сайын қатынас үзіліп қалады.

Әкімдіктер бұл проблемаларды біле тұра, ешқандай шара қабылдамайды», - деді Үкімет басшысы.

Бектенов мәлімдегендей, біраз шаруа әкімдіктердің нақты жұмысына байланысты.

«Сондай-ақ арықтарды, жауын-шашын кәріздерін уақтылы тазарту, уақытша бөгеттер салу және елді- мекендерде топырақ үйінділерімен бекіту жұмыстарын қамтамасыз етулері қажет.

Жергілікті бюджеттерде орын алуы ықтимал төтенше жағдайларға арналған қаражат көздеу қажет. Өңір әкімдері су тасқыны мәселелерін жеке бақылауда ұстауы тиіс», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары