$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры мен бас инженері қызметінен босатылды

Зауыт мұнай өнімдерін өндіруді және жөнелтуді штаттық режимде жалғастырып жатыр

Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры мен бас инженері қызметінен босатылды
Фото ашық дереккөзден

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Атырау мұнай өңдеу зауытындағы ахуалға байланысты құрылған комиссия жұмысының нәтижесін жария етті. Комиссия шешіміне сай, Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры мен бас инженері қызметінен босатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры Ғалымжан Жусанбаев пен бас директордың орынбасары – бас инженер Әділет Шошанбасовты қызметтерінен босату туралы шешім қабылданды. Бас директордың міндетін атқару әрі қарай шешім қабылданғанға дейін Атырау мұнай өңдеу зауыты бас директорының орынбасары – техникалық директор Олег Александрович Лызловқа жүктелетін болады», - деп мәлім етті компанияның баспасөз қызметі.

Зауыт мұнай өнімдерін өндіруді және жөнелтуді штаттық режимде жалғастырып жатыр.

Серіктес жаңалықтары