$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

БҚО-да 11 мыңға жуық малға негізсіз екпе салынған

Заңсыздықты жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері анықтап отыр

БҚО-да 11 мыңға жуық малға негізсіз екпе салынған
Фото: egemen.kz

Батыс Қазақстан облысында 11 мыңға жуық ірі және ұсақ малға бруцеллезге қарсы негізсіз екпе салынған. Мұндай олқылық өңірдің 4 бірдей ауданында тіркеліпті. Бұл туралы Azattyq Rýhy 24KZ арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Заңсыздықты жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері анықтап отыр. Олар екпе 1 жасқа толмаған малға салынған дейді. Ал бұл ветеринариялық талапқа қайшы. Жауапты мамандар болса бұл малдың деректер қорына кеш енгізілуіне байланысты туындаған қателік екенін айтады.

 «Теректі, Бәйтерек, Бөкей ордасы, Қаратөбе аудандарының ветеринариялық дәрігерлері жасы 12 айдан аспайтын малға негізсіз вакцина еккен. Бүгінгі таңда барлық кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Барлық сыбайлас жемқорлық тәуекелдері біздің ұсыным негізінде жойылды», - деді БҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті басшысының бірінші орынбасары Мұратбек Қасымов.

 «Бұл жерде мал 1 жасқа толып кеткен ересек малдар. Жасы сәйкес келеді. Бірақ 2021-22 жылдары облысқа малды тіркеуге қою үшін бірдейлендіру бұйымдары кешігіп келді. 2021-22 жылдың бірінші жарты жылдығында келуі тиіс бірдейлендіру бұйымдары жылдың соңында келді. Соған байланысты кей малдар тіркеуге алынбай қалды», - деді БҚО ветеринария басқармасының бөлім басшысы Нұрқайыр Құсайынов.

Серіктес жаңалықтары