14.02.2024, 09:00
Жаңалықтар
Еліміз бойынша республикалық маңызы бар 46 жол бөлігі жабылды
Автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 289 бірлік техника мен 347 жолшы жұмылдырылды
Коллаж: Azattyq Ruhy
Ауа райының қолайсыздығына байланысты 11 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 46 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
- Ақмола облысында - 15 учаске;
- Ақтөбе облысында – 4 учаске;
- Шығыс Қазақстан облысында – 1 учаске;
- Жамбыл облысында – 1 учаске;
- Жетісу облысында – 1 учаске;
- Қарағанды облысында – 3 учаске;
- Қостанай облысында - 6 учаске;
- Қызылорда облысында - 3 учаске;
- Павлодар облысында – 1 учаске;
- Солтүстік Қазақстан облысында - 9 учаске;
- Түркістан облысында – 2 учаске.
Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолды қысқы күтіп-ұстауға 289 бірлік техника және 347 жолшы жұмылдырылды.
Көп оқылған
24.08.2026, 10:09
Қызылордада қылмыс өршіп тұр: соңғы екі жылда мемлекетке 66,5 млрд теңге залал келген
24.08.2026, 15:38
ШҚО-да ер адам туған қызын 6 жасынан бастап зорлады деген күдікке ілінді
24.08.2026, 11:48
Түркістан облысында бетперде таққан бірнеше адам тұрғын үйге басып кіріп, иесін бірнеше сағат азаптаған
24.08.2026, 11:40
Ағасы мен қарындасының жанжалы үйдің өртенуімен аяқталды (ВИДЕО)