13.02.2024, 22:40
Жаңалықтар
Ауа райы қолайсыздығына байланысты 8 облыста жолдар жабылды
Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолды қысқы күтіп-ұстауға 367 бірлік техника және 480 жолшы жұмылдырылды
13 ақпан сағат 22:00-дегі ахуалға сәйкес ауа райының қолайсыздығына байланысты 8 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 28 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.
- Ақмола облысында - 4 учаске (227 км)
- Ақтөбе облысында – 5 учаске (933 км)
- Атырау облысында – 1 учаске (16 км)
- Шығыс Қазақстан облысында – 2 учаске (180 км)
- Жетісу облысында - 1 учаске (100 км)
- Қостанай облысында - 5 учаске (535 км)
- Қызылорда облысында - 1 учаске (120 км)
- Солтүстік Қазақстан облысында - 9 учаске (1036 км)
Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолды қысқы күтіп-ұстауға 367 бірлік техника және 480 жолшы жұмылдырылды.
Көп оқылған
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды