Павлодар облысында жарты млрд теңгеден астам салықты төлеуден жалтарған кәсіпорын анықталды

Azattyq Rýhy

ЖШС қауіпті қалдықтар үшін 567,2 млн орнына 9,7 млн теңге ғана төлеген

Павлодар облысында жарты млрд теңгеден астам салықты төлеуден жалтарған кәсіпорын анықталды
Фото ашық дереккөзден

Павлодар облысында жарты миллиард теңгеден астам сомаға салық төлеуден жалтарған кәсіпорын анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жіксіз болат құбырларын өндіруші «KSP Steel» ЖШС ПФ төмен ставка бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем жасады.

ЖШС қауіпті қалдықтардың тоннасы үшін 1 АЕК орнына 0,038 АЕК мөлшерлемесін қолданған, бұл арқылы 113 мың тонна қожды орналастырғаны үшін 567,2 млн орнына 9,7 млн ғана төленді.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша мемлекеттік кірістер органдары кәсіпорынға 557,5 млн қосымша есептеді, онымен ЖШС келіспеді және фискалдық органның актісіне соттарға шағымданды.

2024 жылғы 30 қаңтарда Жоғарғы Сот облыс прокуратурасының кассациялық өтінішхатын қанағаттандырып, жоғарыда көрсетілген сомаларды бюджетке өтеу туралы шешімді күшінде қалдырды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.