03.02.2024, 15:12
Жаңалықтар
Майқайың кен орнындағы іздестіру жұмыстары шұғыл түрде тоқтатылды
Ойық түбінде тереңдігі 3 метрдей болатын шұңқыр пайда болды
Фото: Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі
Майқайың кен орнындағы іздестіру жұмыстары шұғыл түрде тоқтатылды. Бұл туралы Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ойық түбінде тереңдігі 3 метрдей болатын шұңқыр пайда болды.
«Экскватор қазып жатқан жерде терең шұңқыр пайда болды. Шұңқырдың түбінде бос кеңістіктер бары байқалады. Экскаватор мен мамандар шұғыл түрде жоғары көтерілді. Ойық түбіндегі топырақтардың төмен опырылып түсіп кетуі қаупі туындағандықтан, жұмыстар уақытша тоқтады», - делінген хабарламада.
Қазір пайда болған шұңқырдың ішіне эндокамера түсіріліп, зерделеніп жатыр.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
12.11.2026, 08:19
«Құлағының бір бөлігін кесіп тастаған»: ШҚО тұрғыны бұрынғы күйеуіне шыққан сот үкіміне наразы