Көктайғақ, бұрқасын: синоптиктер ертеңгі ауа райы болжамын жариялады
Солтүстік Қазақстанда қалың қар жауады
«Қазгидромет» РМК синоптиктері Қазақстанның 16 облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кәсіпорын мәліметінше, 26 қаңтарда Астанада көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні - 15-20 м/с, күндіз кей кезде - 23 м/с.
Алматыда таңертең және күндіз кей жерлерде көктайғақ болады. Қонаевта тұман түседі.
Шымкентте түнде қатты қар араласа жаңбыр жаууы ықтимал. Тұман түсіп, көктайғақ болады.
Күндіз Абай облысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні - 15-20 м/с.
Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде қалың қар жауады. Көктайғақ, боран күтілуде. Облыстың оңтүстік-батысы мен солтүстік-батысынан соғатын желдің екпіні - 15-20 м/с, облыстың шығысынан соғатын желдің екіпіні - 23-28 м/с. Көкшетауда қарлы боран болады.
Жамбыл облысының таулы аймақтарында көктайғақ күтіледі. Қаңтардың 26-нан 27-сіне қараған түні оңтүстікте, облыстың таулы аймақтарында қарлы боран соғады. 26-28 қаңтарда оңтүстікте, облыстың таулы аймақтарында тұман түседі. 26-28 қаңтарда жел оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста, облыстың таулы аудандарынан соғатын желдің екпіні - 15-20 м/с, кей жерлерде - 23 м/с. Таразда 27-28 қаңтарда түнде және таңертең тұман түседі. 26 қаңтарда оңтүстік-батыстан соғатын жел (15-20 м/с) түнде күшейеді.
26 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының батысында тұман күтіледі.
Қарағанды облысының солтүстігінде қарлы боран соғады. Жел оңтүстіктен, облыстың солтүстігінде оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с. Қарағандыда түнде бұрқасын күтіледі. Күндіз оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні - 18 м/с.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында қар жауып, бұрқасын болады.
Қызылорда облысының орталығында тұман күтіледі.
Маңғыстау облысының батысы мен оңтүстігінен, оңтүстік-шығысынан соғатын желдің екпіні - 15-20 м/с. Ақтауда оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні - 15-20 м/с.
Павлодар облысының оңтүстігі мен батысында қарлы боран болады деп күтілуде. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігі мен батысында соғатын желдің екпіні - 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысында қалың қар жауады. Аймақтың басым бөлігінде бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түсуі ықтимал. Облыстың батысынан, оңтүстігінен, шығысынан, солтүстік-шығысынан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Петропавлда қарлы боран болады.
26 қаңтарда Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыс орталығында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда тұман түседі. Облыстың тау асуларында қар жауады. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың таулы асуларында шығыстан соғатын желдің күші - 15-20 м/с. Түркістанда кей жерлерде тұман күтіледі.
Ұлытау облысының солтүстігінде қарлы боран болады. Түнде Жезқазғанда қарлы боран күтіледі.