Еліміздегі медициналық ұйымдардың кредиттік қарызы 113 млрд теңгеден асты

Azattyq Rýhy

Биылға жоспарланған медициналық қызметтерді сатып алу көлемі 2,6 трлн теңгені құрайды

Еліміздегі медициналық ұйымдардың кредиттік қарызы 113 млрд теңгеден асты
Фото ашық дереккөзден

Еліміздегі 480-ге жуық медициналық ұйымның кредиттік қарызы 113 млрд теңгеден асып кеткен.  Бұл мекемелердің 90%-і мемлекет меншігінде, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 24KZ арнасына сілтеме жасап.

Аталған мәселе тұрғындарға сапалы әрі уақытылы медициналық көмек көрсетуге кедергі келтіріп отыр. Бұл жайында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқарма төрағасының орынбасары Айдар Нұралиев айтты. Биылға жоспарланған медициналық қызметтерді сатып алу көлемі 2,6 трлн теңгені құрайды.

«Кредиттік қарыздарды азайту үшін бірқатар шара қабылданды. Біріншіден, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру активтері есебінен 58,9 млрд теңге көлемінде қосымша қаржыландыру. Республикалық бюджетті түзету аясында тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін 57,4 млрд теңгеге қосымша қаржыландыру. Жергілікті бюджет есебінен қосымша қаржы бөлу. Нәтижесінде былтыр мерзімі өткен кредиттік борыштардың 22,7 млрд теңгеден 8,8 млрд теңгеге дейін азайды», - деді  «ӘМСҚ» КЕАҚ басқарма төрағасының орынбасары Айдар Нұралиев.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.