Көкшетауда Асқар Забикулинге арналған ескерткіш орнатылды

Ескерткіштің ашылу салтанатына ТЖМ өкілдері мен қала жұртшылығы қатысты

Көкшетауда Асқар Забикулинге арналған ескерткіш орнатылды
Фото: Ақмола облысының әкімдігі

Көкшетауда батыр-құтқарушы Асқар Забикулинге арналған ескерткіштің ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

Ақмола облыстық әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, салтанатты шараға ҚР ТЖМ вице-министрі, генерал-майор Бауыржан Сыздықов, облыс әкімінің бірінші орынбасары Елдос Рамазанов, Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Ғайса, сонымен қатар облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен ҚР ТЖМ Азаматтық Қорғау академиясының жеке құрамы, туыстары мен қала жұртшылығы қатысты.

ТЖМ вице-министрі өз сөзінде құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің еңбегі туралы айтты.

«Асқар Забикулиннің ескерткіші арқылы жастар оның өз өмірін қатерге тігу арқылы үш адамның өмірін құтқарып қалғанын, оның отансүйгіш, батыл болмысын есте сақтайды деген ойдамыз. Асқар Забикулиннің есімі тарихта қалды», - деді Бауыржан Сыздықов.

Естеріңізге сала кетейік, Асқар Забикулин 2022 жылдың қарашасында қызметтік борышын өтеу кезінде ерлікпен қаза тапты. ҚР Президентінің Жарлығы мен теңдесі жоқ батылдығы үшін ол қайтыс болғаннан кейін І дәрежелі «Айбын» мемлекеттік марапатына ие болды.

Бұған дейін Көкшетауда Асқар Забикулинге арналған ескерткіш орнатылатыны және Астанада батырға арнап ескерткіш орнатылғаны хабарланған болатын.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.