$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада Асқар Забикулиннің құрметіне арналған ескерткіш орнатылды

Елордалық үш тұрғынды ажалдан аман алып қалған Асқар Забикулин былтыр 20 қараша күні қайтыс болған еді

Астанада Асқар Забикулиннің құрметіне арналған ескерткіш орнатылды

Елордалық өрт сөндіруші марқұм Асқар Забикулиннің құрметіне Астанада ескерткіш орнатылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ескерткіштің ашылу салтанатына және № 6 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне Асқар Забикулиннің есімі берілуіне Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов, елорда әкімі Жеңіс Қасымбек, гарнизон басшылығы мен жеке құрамы, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері, Асқардың туыстары мен жақындары қатысты.

«Бұл ескерткіш – Асқардың өжеттігінің, жанқиярлығы мен адалдығының белгісі. Бүгін көңіліміз түсіп қайғырып тұрғанымызбен, барлығымыз үшін үлгі болатын ерлікке деген шексіз құрмет пен мақтаныш сезімін оятатын батырлық пен үлгіге куә болып тұрмыз», - деп министр атап өтті.

Ескерткіш тақтадан ақ жамылғыны алып тастағаннан кейін, жиналғандар мемориалға гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікпен еске алды.

Биіктігі үш метр болатын ескерткіште Аскардың бюсті қоладан, ал төменгі бөлігі мәрмәрдан жасалған. Өрт сөндіру бөлімінің аумағында ағаштар отырғызылған, ескерткіштің айналасында орналасқан гүлдер мен бұталар бар.

Елордалық Өрт сөндіруші Асқар Забикулин 2022 жылғы 20 қарашада тұрғын үй кешеніндегі өртті сөндіру барысында қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапты, онда ержүрек, батыр әрекеттерімен өз өмірін қатерге тігіп, үш адамның өмірін сақтап қалды. Президенттің Жарлығымен Асқар қайтыс болғаннан кейін І дәрежелі «Айбын» мемлекеттік наградасымен марапатталды.

Еске сала кетейік, былтыр 16 қараша күні Астанада өртке оранған үш бөлмелі пәтердің тұрғындарын құтқарған өрт сөндіруші Асқар Забикулин ауыр халде ауруханаға түсіп,  20 қараша күні көз жұмды.

Серіктес жаңалықтары