Алматыдағы жер сілкінісі: ҚазҰУ жатақханасының қабырғасы жарылған

Министр тиісті жөндеу жұмыстарының жүргізілетінін айтты 

Алматыдағы жер сілкінісі: ҚазҰУ жатақханасының қабырғасы жарылған
Фото: freepik

Министр Саясат Нұрбек Алматыдағы жер сілкінісінің салдарынан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жатақханаларында жарықшақ пайда болғанын растады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Алматыда қазір 35 университетте 198 мың студент оқып жатыр. Біз бірден әрекет еттік. Алғашқы тербелістер туралы ақпарат болған кезде бүкіл студенттер қауіпсіз жерге көшірілді. Ректорларға, проректорларға, студенттік ұйымдардың басшыларына алғыс айтқым келеді. Ешқандай құрбан немесе зардап шеккендер жоқ", - деді министр.

Саясат Нұрбек әл-Фараби атындағы ұлттық университеттің №6 және 8 жатақханаларының қирағаны туралы тараған ақпараттың фейк болғанымен, ғимаратта жарықшақтар пайда болғанын растады. 

"Біз оқиға орнына өз өкілдерімізді жіберіп, ақпараттың өтірік екеніне көз жеткіздік. Кішігірім жарықшақтар болды. Оның өзі негізгі қабырғаларда емес. Тиісті жөндеу жұмыстарын жүргіземіз", - деді Саясат Нұрбек.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.