14.01.2024, 17:16
Жаңалықтар
Қолайсыз ауа райына байланысты жеті облыста жолдар жабылды
Республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 522 бірлік техника ұмылдырылды
фото: ашық дереккөзден
Ауа райының қолайсыздығына байланысты жеті облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 25 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.
Еліміздің бірқатар аймағында дауылды ескерту жарияланып, жолдар жабылды.
- Ақмола облысында – 14 учаске
- Жетісу облысында – 1 учаске
- Қарағанды облысында – 3 учаске
- Қостанай облысында – 3 учаске
- Павлодар облысында – 2 учаске
- Солтүстік Қазақстан облысында – 1 учаске
- Ұлытау облысында – 1 учаске
Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 522 бірлік техника және 823 жолшы жұмылдырылды.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді