Бүгін белгілі суретші Әбілхан Қастеевтің туғанына 120 жыл толды
2014 жылы Алматыда Қастеев үй-мұражайы ашылды
Бүгін қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі Әбілхан Қастеевтің туған күні, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Суретшінің туып-өскен жері — Алматы облысына қарасты Жаркент төңірегі. Қазақстанның халық суретшісі (1944). Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының төрағасы (1945-1956).
Еңбек жолын Түрксіб темір жол құрылысында жұмысшы болып бастады. Мәскеудегі көркемсурет студияcында Н.Г.Хлудов пен И.Бродскийден сабақ алды (1929-1936). Халық өмірінің алуан көріністерін шынайы бейнелеген мыңнан астам көркем туындыларды дүниеге келтірген.
Ол «Қазан төңкерісі» орденімен, «Еңбек Қызыл Ту» орденімен екі рет және «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.
Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері (1942).
Қазақ КСР халық суретшісі (1944).
2004 жылы Ә.Қастеевтің 100 жылдығына орай Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 50 теңгелік естелік монетаны айналымға шығарды.
2014 жылы Алматыда Қастеев үй-мұражайы ашылды.
Кастеев атымен ҚР мемлекеттік өнер мұражайы, сонымен қатар бірнеше қалалардағы көшелер аталған.
Шымкент қаласындағы көркемөнер колледжі Қастеев атымен аталған, 2009 жылы колледж алдында суретшінің ескерткіші ашылды.
2004 жылы Қастеевке арналға пошта маркілері шығарылды.