$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Аяз, тұман, көктайғақ: бүгін еліміз бойынша күн райы қандай болады

Республика бойынша тұман, көктайғақ, боран екпінді жел болады

 

Аяз, тұман, көктайғақ: бүгін еліміз бойынша күн райы қандай болады
Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев

Синоптиктер 15 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Бүгін Қазақстанның басым бөлігі атлантикалық циклон ықпалынан шығатындықтан, жауын-шашынсыз аязды ауа райы болады», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Тек шығыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Кейде қар, кей уақытта  қалың қар жаууы мүмкін.

Республика бойынша тұман, көктайғақ, боран екпінді жел болады.

Астанада көшпелі бұлт шығады, ауа райы жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -26...-28°C, күндіз -22...-24°C болады.

Алматыда ауа райы бұлтты, кей жерлерде қар жауады, тұман түседі, көктайғақ болады, жел 2-7 м/с күшейеді. Ауа температурасы түнде және күндіз -3...-5°C болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, қар жауады, жел 8-13, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -5...-7°C, күндіз -2°С болады.

Серіктес жаңалықтары