Ұлыбритания мен АҚШ-тың хуситтерге жасаған шабуылынан бес адам қаза тапқан

Хуситтер кек қайтаруға уәде берді

Ұлыбритания мен АҚШ-тың хуситтерге жасаған шабуылынан бес адам қаза тапқан
EPA

АҚШ пен Ұлыбританияның хуситтерге қарсы жасалған әскери әрекеті кезінде бес адам қаза тауып, алтауы жараланған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі BBC News-ке сілтеме жасап.

Хуситтердің әскери баспасөз хатшысы Яхья Саридің мәліметінше, Ұлыбритания мен АҚШ тарапы 73 рет соққы жасаған. Ол өз сөзінде түнгі шабуылды «ашық басқыншылық әрекеті» деп атады.

Йемендегі 16 нысанаға жасалған соққыдан кейін хуситтер кек қайтаруға уәде берді.

Бұған дейін АҚШ пен Ұлыбритания Йеменнің солтүстігіндегі «Ансар Алла» (хусит) қозғалысының нысандарына қарсы әскери операция бастағанын хабарлаған болатынбыз. Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунак бұл соққылардың Қызыл теңіздегі жаһандық кеме қатынасын қорғау үшін жасалғанын мәлімдеді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.