$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ағаштарды заңсыз кескен: Алматыда құрылыс компаниясының үстінен қылмыстық іс қозғалды

Құрылыс компаниясына қатысты қылмыстық іс тек артық және рұқсатсыз кесілген 216 түп ағаш үшін қозғалыпты

Ағаштарды заңсыз кескен: Алматыда құрылыс компаниясының үстінен қылмыстық іс қозғалды
Фото: 24.kz

Алматыда ағаштарды заңсыз кескен құрылыс компаниясының үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 24KZ арнасына сілтеме жасап.

 Алатау ауданының Дарабоз ықшам ауданында көпқабатты тұрғын үй кешенін салып жатқан компания 176 ағаш пен 40-тан астам бұтаны шауып тастаған. Әкімдік өкілдерінің айтуынша, мұнда 17 гектар жерге баспана салынып жатыр. 2023 жылдың маусымынан бастап компания құрылыс аумағында ағаштарды кесуге рұқсат алу үшін 6 рет өтінім беріпті. Алғашында әкімдік рұқсат етпеген. Жыл соңында құжаттарын толықтырып, қайта тапсырып, жауапты басқарманың оң шешімін алады. Осылайша, құрылыс аумағында 2797 ағашты кесіп, оның орнына 28 мыңға жуық жасыл желек отырғызуға міндеттелген. Құрылыс компаниясына қатысты қылмыстық іс тек артық және рұқсатсыз кесілген 216 түп ағаш үшін қозғалыпты.

 «Осыған байланысты басқарма мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы және табиғат қорғау полициясының қызметкерлерімен бірлесіп, келтірілген залалды есептейді әрі жасыл желектерді тексеру актісін жасайды. Анықталған факті бойынша Алматы қаласы Алатау ауданының полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 340-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады», - дейді қалалық экология және қоршаған орта басқармасының өкілі Нұркен Ақмырза.

Серіктес жаңалықтары