$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жапониядағы жер сілкінісі құрбандарының саны 100-ге жетті

1 қаңтарда Жапонияда бірнеше жер сілкінісі болды

Жапониядағы жер сілкінісі құрбандарының саны 100-ге жетті
Фото: AFP 2024 / STR

Жапонияда жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 100-ге дейін өсті. Бұл туралы Kyodo ақпарат агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Исикава префектурасы мен басқа органдардың мәліметтері бойынша, Ното түбегіндегі жер сілкінісі 100 адамның өмірін қиды», - делінген хабарламада.

Бір күн бұрын Жапонияда жер сілкінісі салдарынан 92 адам қаза тауып, 242 адам хабар-ошарсыз кетті деп хабарланған еді.

Айта кетейік, 1 қаңтарда Жапонияда бірнеше жер сілкінісі болды. Алғашқы жер сілкіністері Исикава префектурасында жергілікті уақыт бойынша сағат 16:06-да тіркелді, олардың магнитудасы 5,7 және 7,6 балл болды. Кейінірек Исикава префектурасында жаңа жер сілкінісі тіркелді.

Ұлттық метеорологиялық басқарманың мәліметі бойынша, жер сілкінісінің магнитудасы 4,6 балды құрады. Жер сілкінісі кезінде биіктігі 5 м-ге дейін цунами қаупі жарияланды, кейінірек ол жойылды. 3 қаңтарда Исикава префектурасында тағы бір 5,5 балдық жер сілкінісі болды. Дүмпулер жергілікті уақыт бойынша 10:54-те тіркелгені атап өтілді. Жер сілкінісінің эпицентрі су астында 10 км тереңдікте жатты.

Жапония Премьер-министрі Фумио Кисида 2 қаңтарда Үкімет бірқатар жер сілкіністерінің салдарын жоюға көмектесу үшін өзін-өзі қорғау күштерінің бөлімшелерін жіберді деп мәлімдеді.

Ал 4 қаңтарда Жапония үкіметі американдық әскерилермен жер сілкінісінің салдарын жою үшін ынтымақтасуды жоспарлап отыр деп жазды. Алайда, тараптар ынтымақтастықтың егжей-тегжейін, оның басталу күнін де талқылауы керек. Көмек гуманитарлық жүктерді және жер сілкінісі салдарынан үйлерінен кеткен адамдарды тасымалдауды қамтиды.

Серіктес жаңалықтары