Жапониядағы жер сілкінісі: құтқарушылар 80 жастағы қарт әйелді үйінділерден аман алып шықты

Azattyq Rýhy

Негізгі құтқару жұмыстары Вадзима мен Сузу қалаларында жүргізілуде

Жапониядағы жер сілкінісі: құтқарушылар 80 жастағы қарт әйелді үйінділерден аман алып шықты

Жапонияда құтқарушылар 80 жастағы әйелді жер сілкінісінен 73 сағат өткен соң үйінділерден аман алып шығарды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Euronews-ке сілтеме жасап.

Әдетте үш күннен кейін тірі қалғандарды табу мүмкіндігі төмендейді.

Жапондық құтқарушылар қарт әйелді 7,6 балдық жер сілкінісі оның үйін қиратып, арада 72 сағат өткен соң үйінділердің арасынан шығарды.

 Биліктің мәліметінше, 200-ден астам адам әлі күнге дейін хабар-ошарсыз кетті, ал қаза тапқандар саны жүзге жетті.

Негізгі құтқару жұмыстары Ваджима мен Сузу қалаларында жүргізілуде, оларға дүмпу қатты әсер етті. Ондағы барлық аудандар қирады. Мыңдаған адамдар үйсіз қалды, билік зардап шеккен аймақтарда инфекциялардың таралуынан қорқады.

Жапонияда жер сілкінісі, көшкін және цунами қаупі әлі сақталуда. Токио университетінің ғалымдары Жапонияның батысындағы құмды жағалау сызығы кейбір жерлерде теңізге қарай 250 метрге жылжығанын анықтады. Демалыс күндері Исикава префектурасында қатты жаңбыр мен қар жауады деп күтілуде.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.