$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Майқайыңалтын» АҚ аумағындағы іздестіру-құтқару жұмыстарына 132 адам тартылды

Үйіндінің құлау шеттерінен топырақты сырғыту жұмыстары жалғасуда

«Майқайыңалтын» АҚ аумағындағы іздестіру-құтқару жұмыстарына 132 адам тартылды

Тартылған құтқарушылардың қауіпсіздігі үшін ауыр инженерлік техниканы жұмылдыру мақсатында үйіндінің шеттерін мәжбүрлеп түсіру және жүретін жолдарды салу бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Оқиға орнына ТЖМ, КӘАҚҚ РОШ, ЖАО, "Майқайыңалтын" АҚ, полиция және жедел жәрдем бөлімшелерінен барлығы 132 адам және 29 техника жұмылдырылды», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, 4 қаңтар күні сағат 01:25 шамасында "Майқайыңалтын" АҚ аумағындағы технологиялық автожолда жұмыс істемейтін шахтаның кеңістігіне автобус құлаған болатын, онда "Майқайыңалтын" АҚ шахтасы алаңында түтін шыққаны туралы шақыруға шыққан КӘАҚҚ РОШ Павлодар филиалының құтқарушылары болған. Автобуста барлығы 4 адам болған.

Серіктес жаңалықтары