Финляндияда бір балаға 10 мың еуро жәрдемақы төленеді
Билік бұл шешімді халық санының азаю проблемасымен күресу үшін қабылдаған
Финляндияның Лестиярви ауылдық округында 2012 жылдан бастап бала туу көрсеткіші азайып келеді. Сол жылы мұнда тек бір бала дүниеге келген, деп жазады ВВС.
Финляндияның материктік бөлігіндегі ең үлкен екінші муниципалитет болғандықтан, Лестиярви халық санын арттыру үшін батыл шара қабылдаған. Билік 2013 жылдан бастап дүниеге келген әр балаға 10 мың еуро жәрдемақы төлейді. Бұл ақша он жыл бойы бөліп төленеді және бала Лестиярвиден көшкен жағдайда тоқтатылады. Сондықтан да болар, өңірде бала туу көрсеткіші артып келеді. Мысалы, былтыр ауданда тек 6 бала дүниеге келсе, биыл 14 бала туған.
«БҰҰ көптеген дамыған мемлекеттерде демографиялық дисбаланс болатынын атап өткен еді. Бүгінгі таңда демография әлемнің болашағы мен әлемдік экономикаға төндіретін ең ірі қауіптердің бірі саналады. Ал Финляндия халқы әлемдегі ең кәрі мемлекеттер қатарына кіреді. Көптеген жылдар бойы мемлекетте өлу көрсеткіші туу көрсеткішінен анағұрлым көп», - деп жазады басылым.