$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.10.2019, 01:53
Жаңалықтар

Әлемдегі ең жомарт адамдар қай мемлекетте тұрады?

Зерттеушілер ең жомарт халықтардың әлемдік рейтингін жасады

Әлемдегі ең жомарт адамдар қай мемлекетте тұрады?
Фото: welt.de

Charities Aid Foundation қайырымдылық қоры он жыл бойы 126 мемлекеттегі 1,3 млн адамнан сауалнама алып, рейтинг жасады, деп жазады Die Welt. Сауалнама барысында адамдардан олардың таныс емес адамға қол ұшын созуға әзірлігі, қанша ақша беруге дайын екені сұралған.

«Бірінші орында америкалықтар тұр. Олар қиындыққа тап болған адамдарды қолдауға, қаржылық көмек көрсетуге дайын. Бір қызығы, екінші орында Мьянма тұр. Рейтингтің тоғызыншы және оныншы орынында да Шри-Ланка мен Индонезия сияқты кедей мемлекеттер орналасқан», деп жазады басылым.

Зерттеу авторлары рейтингтің мұндай болуына халықтың діни сенімі әсер еткенін айтуда.

Рейтингте ең төменгі орында Қытай тұр. Мамандардың айтуынша, рейтингтің төменгі сатыларында тұрған мемлекеттердің көбі коммунистік басқару жүйесінде болған елдер.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#рейтинг