Ресей мен Иран санкцияларға қарсы декларацияға қол қойды

Azattyq Rýhy

Құжат санкциялардың теріс салдарына қарсы тұруға бағытталған

Ресей мен Иран санкцияларға қарсы декларацияға қол қойды
Фото: iz.ru

7 желтоқсанда Мәскеуде Ресей мен Иран президенттерінің кездесуі өтеді. Келіссөздер қарсаңында екі елдің СІМ басшылары санкцияларға қарсы іс-қимыл туралы декларацияға қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Euronews-ке сілтеме жасап.

Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров және оның ирандық әріптесі Хосейн Амир-Абдоллахиян санкциялардың теріс салдарына қарсы тұру және өтеу құралдары туралы Декларацияға қол қойылғанын жариялады.

Ресей мен Иранның сыртқы саяси ведомстволары басшыларының кездесуі екі елдің Президенттері Владимир Путин мен Эбрахим Раисидің келіссөздері қарсаңында өтті. Олар Мәскеуде 7 желтоқсанда кездеседі.

Иранға, атап айтқанда, оның ядролық бағдарламасына байланысты қатаң санкциялар қолданылуда, ал Ресейге қатысты батыстық санкциялар Қырымды аннексиялауға байланысты енгізілді және Украинаға Ресей әскері толық басып кіргеннен кейін күшейтілді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.