Сомалиде су тасқыны салдарынан эпидемиялық ауру өршіді
Мемлекеттің бірқатар аудандарында су тасқыны салдарынан «төтенше жағдай» жарияланды
Сомалиде үш апта бойына жалғасқан нөсер жаңбыр мен су тасқынынан қаза тапқандар саны 110-ға дейін жетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Анадолы ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының Гуманитарлық мәселелерді үйлестіру басқармасының хабарламасында айтылған.
«Өңірде табиғи апаттың салдарынан эпидемиялық аурулардың өсуі де тіркелді. Апат 2,5 миллион адамға әсер етті, Сомалидің 800 мыңнан астам тұрғыны шұғыл көмекке мұқтаж», - делінген хабарламада.
Соңғы жылдардағы қатты құрғақшылықтан аман қалған Сомали мен Кения климаттың өзгеруінен ең көп зардап шеккен елдердің қатарына кіреді.
Сомалидің бірқатар аудандарында су тасқыны салдарынан «төтенше жағдай» жарияланды.