Жауын-шашын, жел, көктайғақ: бүгінгі ауа райы қандай болады
Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді
Синоптиктер 6 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Бүгін Қазақстанның басым бөлігі циклон ықпалында болады, соған байланысты атмосфералық фронттар ықпалымен жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады. Тек еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болады», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.
Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, Абай облысының сотүстінде, батысында, орталығында қатты жел соғады, жылдамдығы 30 м/с және одан қатты болуы мүмкін.
Астанада көшпелі бұлт шығады, қар жауады, кей жерлерде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады, жел 9-14, екпіні 15-20, кей жерлерде 23 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз -1…-3°C болады.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады, жел 2-7 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +4...+6°C, күндіз +14...+16°C болады.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады, жел 8-13, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +5...+7°C, күндіз +13...+15°C болады.