Елімізде үш күнде 125-тен астам киберқылмыс тіркелген
Оның ішінде 270-сі алаяқтық

ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбай ІІМ-нің дәстүрлі брифингінде интернет-алаяқтық туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Биылғы 20-22 қарашасы аралығында республика аумағында «Hi-tech» ауқымды жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді. Оны тиімді жүргізу мақсатында аумақтық департаменттерде жедел қызметкерлер, сондай-ақ тергеу және криминалистикалық бөлімшелер қатарынан мамандандырылған жедел-іздестіру топтары құрылды.Үш күндік «Hi-Tech» іс-шарасын өткізу кезінде республика аумағында 125 аса киберқылмыс тіркелді», - деді ол.
Жандос Сүйінбай атағандай, бұрын жасалған 300-ге жуық қылмыс анықталды, оның 270-тен астамы интернеттегі алаяқтық.
«Мұндай алаяқтықты жасау тәсілдері өте алуан түрлі. Алаяқтар азаматтарды алдау үшін әртүрлі сылтауларды қолданады», - деді ол.
Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ