Қостанай облысында мас жүргізуші өзін жолаушы қылып көрсетпек болған

Azattyq Rýhy

Автокөлік арнайы автотұраққа қамалды

Қостанай облысында мас жүргізуші өзін жолаушы қылып көрсетпек болған
Фото ашық дереккөзден

Қостанай облысында мас жүргізуші өзін жолаушы қылып көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

25 қарашада «Құқықтық тәртіп» жедел алдын-алу шарасы барысында Тобыл қаласындағы патрульдік полиция қызметкерлері 2017 жылдан бері автокөлікті басқаруға құқығы жоқ 34 жастағы «Мерседес» жүргізушісін ұстады. Жүргізуші мас күйінде болды.

Тоқтаған кезінде жүргізуші алдыңғы жолаушылар орындығына ауысып, өзін жолаушы секілді көрсетті. Ал көлікте басқа ешкім болмады.

Құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде басқаруы» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Автокөлік арнайы автотұраққа қамалды. Бүгін жүргізушіні Қостанай аудандық соты 20 тәулікке әкімшілік қамауға алды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.