$ 497.26  525.21  4.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматы облысында жалған TOYOTA өнімдері тәркіленді

Контрафактілік өнімдердің саны 520 дана (1 736 литр) жалпы сомасы 5 675 480 теңгені құрады

Алматы облысында жалған TOYOTA өнімдері тәркіленді
Фото: Әділет министрлігі

Алматы облысында жалған TOYOTA өнімдері тәркіленді. Заттар Алматы облысындағы сауда қоймасын тексеру барысында табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жеке кәсіпкер мен «А» ЖШС-нің (тауарларды көтерме сату) «TOYOTA» тауар белгісін (қапталған мотор майын, АКПП үшін сұйықтықты сату) заңсыз пайдалану фактісі анықталды.

Контрафактілік өнімдердің саны 520 дана (1 736 литр) жалпы сомасы 5 675 480 теңгені құрады.

Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәлидің айтуынша, Әділет министрлігінің, Алматы облысы және Алматы қаласы аумақтық әділет басқармаларының қызметкерлері Алматы облысының полиция департаментімен бірлесіп тауар таңбалары туралы заңнаманың сақталуына тексеру жүргізді.

Жоспардан тыс тексеруге TOYOTA компаниясының авторлық құқық иесінің өтініші негіз болды.

Әділет органдары кінәлі тұлғаны ҚР ӘҚБтК-нің 158-бабына ( тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, тауардың шығарылған жерінің атауын немесе фирмалық атауды заңсыз пайдалану) сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдайды.

Іс материалдары Алматы облысының Әділет департаментінде және жақын арада сотқа жіберіледі.

Еске сала кетейік, Әділет министрлігі зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі уәкілетті орган.

Серіктес жаңалықтары