$ 497.26  525.21  4.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алдағы үш күнде ел аумағында қар жауып, күн суытады

Республика бойынша жел күшейеді

Алдағы үш күнде ел аумағында қар жауып, күн суытады
Фото ашық дереккөзден

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 18-20 қараша аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алдағы күндері белсенді Солтүстік циклонының әсерінен ҚР басым бөлігінде жауын-шашын жауады.

18 қарашада солтүстік-батыста, солтүстікте, 19 қарашада еліміздің шығысында қатты жауын-шашын жауады. Жаңбырдың соңы қарға ұласады.

19-20 қарашада еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар жауады.

Жауын-шашынмен қатар республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде көктайғақ және бұрқасын болады.

20 қарашаға қарай солтүстік-батыс антициклонына байланысты суық ауа массалары келеді.

Бұл Қазақстанның басым бөлігінде температураның күрт төмендеуіне әкеледі.

Мәселен, солтүстік-батыста түнгі уақытта 3-13 градусқа дейін аяз, күндіз 7 аяз — 5 жылы, солтүстікте, орталықта, шығыста түнде 8-16 аяз, күндіз 2-10 аязға дейін төмендейді.

Температураның төмендеуі оңтүстік аймақтарға да әсер етеді.

Мұнда түнгі уақытта 3 градус аяз - 7 градус жылы, күндіз 5-15 градус жылы, оңтүстік-шығыста түнде 6 градус аязға дейін - 6 градус жылы, күндіз 5 градус аяз-13 градус жылыға дейін алмасады. 

Республика бойынша жел қарқыны 15-29 м/с дейін күшейіп, тұман түседі. 

Солтүстік-батыс, солтүстік аймақтарда желдің екпіні 30 м/с асады.

Серіктес жаңалықтары