$ 497.26  525.21  4.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда 24 жастағы жігіт есірткі зертханасын ұйымдастырған

Тергеу барысында үйден 500 грамм есірткі – мефедрон табылды

Алматыда 24 жастағы жігіт есірткі зертханасын ұйымдастырған
Фото: polisia.kz

Алматыда 24 жастағы жігіт есірткі зертханасын ұйымдастырған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматының Алатау ауданындағы тұрғын алабында синтетикалық есірткінің астыртын өндірісі өркендеген. Оны 1999 жылы туған С.есімді азамат басқарды.

«Прокуратураның үйлестіруімен біздің бөлімше қызметкерлерінің жүргізген жедел және арнайы іс-шаралары Дарабоз шағын ауданындағы үйлердің бірінде, одан әрі сату мақсатында есірткі заттары дайындалып жатқанын анықтады. Тергеу барысында үйден 500 грамм есірткі – мефедрон табылды және тәркіленді. ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмыс құрамының негізінде қылмыстық іс тіркелді. Сараптама тағайындалды», – деді Алатау аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Асхат Дәулетияров.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Серіктес жаңалықтары