12.11.2023, 10:06
Жаңалықтар
Петропавлда үй ауласынан ер адамның мәйіті табылды
Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді
Фото ашық дереккөзден
Петропавлда қала тұрғындары үйдің ауласынан ер адамның мәйітін тауып алды. Бұл туралы СҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
58 жастағы марқұмның қайтыс болу себебін анықтау үшін мәйіт сараптамаға жіберілді.
«11 қарашада 102 пультіне Алматы және 314-ші атқыштар дивизиясы көшелерінің қиылысында 58 жастағы ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Бұл оқиға «Адам өлімі» бабы бойынша ЕҚДБ-ның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Тексеру жүргізілуде», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді