$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елорда полициясы Бишімбаевтың өз әйелін өлтіруіне қатысты түсініктеме берді

Тергеу Ішкі істер министрлігі басшылығының бақылауында

Елорда полициясы Бишімбаевтың өз әйелін өлтіруіне қатысты түсініктеме берді
Фото ашық дереккөзден

Астана қалалық полиция департаменті экс-министр Қуандық Бишімбаевтың әйелін өлтіруіне қатысты түсініктеме берді. Полицейлер жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мейрамханада әйелді өлтіру дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша тергеу жүріп жатыр, күдікті Астана полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Істің объективті мән-жайларын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары кешені жүргізіліп жатыр, жалған ақпарат таратқандарға қылмыстық жауапкершілік бар екенін естеріңізге саламыз», - делінген хабарламада.

Тергеу Ішкі істер министрлігі басшылығының бақылауында.

Айта кетейік, 2023 жылғы 9 қарашада бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталған болатын.

Серіктес жаңалықтары